Тілшілер Тәуелсіздік, Елбасы тақырыбындағы үздік мақалалары үшін 1 млн теңгеден алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президені кітапханасы мен «ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры» журналистер арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбында шығармашылық байқау өткізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Байқаудың мақсаты - Тәуелсіздік алғаннан бергі еліміздің жетістіктерін ақпараттық тұрғыда қолдау, мемлекеттің негізінің қалануы жолында Мемлекет басшысының еңбегін насихаттау, БАҚ қызметкерлерінің шығармашылық шабытына дем беру, Ұлт көшбасшысының кітапханасындағы экспозициялық қорлар мен архивтерді медиялық айналымға енгізу.

Байқау үш номинация бойынша өтеді: «Үздік телевизиялық материал», «Үздік радиоматериал», «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым».

Байқаудың барлық шарттарын www.presidentlibrary.kz және www.presidentfoundation.kz сайттарынан білуге болады.

Номинациялар бойынша бірінші орын алған тілшілер - 1 млн теңге, екінші орын иеленгендер - 500 мың теңге, үшінші орынға лайықталғандар 200 мың теңге сыйақы алады.

Байқауға 2017 жылдың 1 қаңтары мен 10 қазаны аралығында жарияланған түпнұсқа материалдар қабылданады. Қатысу үшін өтінімдер 10 қазанға дейін қабылданады. 

Соңғы жаңалықтар