Тибеттіктер «атызға соқа салу» дәстүрін өткізді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Қазақрадиосымен «Түркияүні» радиосыэфиргебіргешықты - TRT

null 

Анкарадағы Түркия теле-радио корпорациясына қарасты «Түркия үні» радиосы мен Қазақ радиосы бірлесіп, радиокөпір өткізді.

«Түркия үні» радиосына қонаққа Гази университеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, профессор, Түркият зерттеу орталығының төрайымы Хүлия Касапоғлу Ченгел мен халықаралық саясат ғылымының докторы Мәриям Хакім, ал Қазақ радиосына қонаққа этнограф Қалжан Рахымжан қатысқан.  Эфирді «Түркия үні» радиосының қазақ редациясының дикторы Торғын Сұлтанқызы мен Қазақ радиосының журналистері Қуаныш Кәрім мен Амангүл Ермекқызы жүргізді. Бағдарлама барысында наурыз мейрамының шығу тегі сөз болып, қазақ пен түрік халқының тойлауының ерекшеліктері сөз болды.

«Түркия теле-радио корпорациясы біздің ұсынысымызды қабыл алғаны үшін алғысымды білдіремін. Бауырлас екі ел бірлесіп эфирге шығу арқылы өзгеде туыстас елдерге үлгі болсын деген ниетпен жасаған едік. Жоба сәтті шықты.  Эфирді ұйымдастырудағы мақсатымыз жалпы бауырлас елдердің бірлігін нығайту. Бұдан бұрын біз Қызғыз елімен де осындай жоба жасағанбыз. Алда Өзбекстанмен осындай эфир жасауды жоспарлап отырмыз. Радио көпір арқылы жуналистеріміздің өзара байланысын арттрып өзра тәжірибе алмасуды мақсап етеміз», дейді «Республикалық радио» ЖШС-нің Бас директоры Мәди Манатбек TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында. 

***

Шизаңдағы диқандар «атызға соқа салу» дәстүрін өткізді- «Жэньминь жибао» (People Daily)

null 

17 наурыз күні Қытайдың Шизаң аймағындағы тибет ұлтының өкілдері өздерінің мыңдаған жылдардан бері жалғасып келе жатқан «атызға соқа салу» дәстүрін өткізді, деп хабарлайды «Жэньминь жибао» басылымы.

Тибет халқының жыл санауы бойынша бұл күн - жаңа жылдың басы болып саналады. Осыған орай Шизаң тұрғындары ұлттық киімдерін киіп, қыс бойы қар жамылып жатқан атыздың топырағына алғаш рет соқа салып, дәстүрлі «атызға соқа салу» салтанатын өткізді.

null 

Бұл мыңдаған жылдар бойы тойланып келе жатқан тибет халқының дәстүрлі мерекесі. Онда диқандар көктемгі егістің соқасын салу салтанатын өткізіп, ауа райының жайлы болуын, астықтан мол өнім алуды тілейді.

null 

***

Қазақстандық жоғары оқу орындарына қандай гранттар бар - kaznews.mn

null

Моңғолияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі алдағы оқу жылында қазақстандық жоғары оқу орындарына білім гранттарын алу мүмкіндігі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды kaznews.mn порталы.

Мақалада Қазақстанда оқуға ниет білдірген моңғолиялық азаматтар Моңғолияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігіне құжаттарын тапсыруы тиіс екендігі айтылған.

Моңғолиялық тараптың сұранысы бойынша тау-кен, халықаралық қатынастар, тоқыма өнеркәсібі, жол құрылысы инженері мамандықтары бойынша 5 грант  (2 бакалавриат, 2 магистратура және  1 докторантура)  бөлінген.

Аталған білім гранттары аясында қазақстандық тарап тегін білім, шәкіртақы және жатақханамен (жол қаражаты грант иегері есебінен) қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Қазақстанда білім алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігімен хабарласу керектігі айтылған.

 

***

Бейжіңде Наурыз мерекесі тойланып келе жатқанына 36 жылы - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null 

Бейжіңдегі қазақ зиялылары 36  жылдан бері Наурыз мейрамын тойлап келе жатыр. Бұл туралы «Жэньминь жибао» басылымы жазады.

Биыл да сол дағды бойынша 21 наурызда Орталық ұлттар университетінде қазақ тіл әдебиеті факультетінің ұйытқы болуымен арнайы мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Бұл шара барысында Алтай аймақтық филармониясы өнер көрсетті.  Сонымен бірге, Қытай мемлекеттік бірінші дәрежелі әртісі Уаң Хұңуей мерекелік кешке арнайы келіп, қазақтың  «Сарыжайлау» әнін орындады.

«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! 1982 жылдан бастап Бейжіңдегі қазақтар дәстүрлі наурыз мерекесін атап өтіп келеміз. Міне, биыл 36 жыл толып отыр. Алғашында тек дастархан басында атап өтетінбіз, жылдан-жылға мерекенің ауқымы ұлғайып келеді. Соңғы кездері Шыңжандағы Іле облысына қарасты үш аймақтан арнайы өнерпаздар келіп мерекелік сәлем жолдауды дәстүрге айналдырды»,- дейді Қытайдағы белгілі қазақ жазушысы Әкпар Мәжитұлы.

***

Өзбекстан мен Тәжікстан виза жеңілдігі режимін іске қосты - TRT

null 

Өзбекстан мен Тәжікстан арасында қол қойылған екі жақты виза жеңілдігі келісімі іске қосылды. Бұл туралы Түркия теле-радио порталы хабарлады.

Өзбекстан ішкі істер министрлігі жасаған «Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарының екі жақты қарым-қатынастар мен сапарларын қамтыған үкіметаралық келісімге» екі ел президенттері тарапынан 9 наурыз күні қол қойылған.

Аталған келісім Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 9-10 наурыз күндерінде Тәжікстанға ұйымдастырған ресми сапары барысында бекітілген болатын.

Келісім екі ел азаматтарының екі жақты 30 күндік бір-біріне визасыз қатынауын қамтиды.

***

Ұлыстың ұлы тойы Ақсайда -  Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

null 

Көктеммен бірге жеткен наурыз мерекесінің шаттығы шеттегі қандастарымызды да бір серпілтіп тастады. Ұлық мерекені Қытайдың Гансу өлкесі Ақсай қаласында тұратын қандастарымыз да ерекше атап өтті. Қытайдың «Орталық халық радиосының» ресмисайты Ақсайда өткен Наурыз мерекесін ауқымды етіп жазған.

null 

3 күнге жалғасқан мерекелік шара, Ақсайдағы Азияға аты жайылған ең үлкен қазақ киіз үйінде өткізілген.

null 

«Наурыздың кәделі дәмі бидай көжеден ақсақалды аталарымыз бен ақсамайлы аналарымыз дәм татып, Наурыздың дәстүрлерін жаңғыртты. «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын»-дегендей، ауылдағы апаларымыз бен аталарымыз бұлақ көзін ашып, ағаш егіп, егілген ағаштың бұтағына ақ тамызып, жас жеткіншектеріміздің көңілінің сүттей-ақ, кәсіптерінің жапырақтай жайқалуын тілек етсе, ал қарт апаларымыз Наурыз көженің жасалу барысын, Наурыздың келу тарихын жас жеткіншектерге егжей-тегжейлі түсіндірді», деп жазады дереккөз.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар