The Telegraph репортажы: Астана туристік орталыққа айнала ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның белді басылымы "Астананы картада табу қиын", - деп жазды. Алайда болашақта ол қаланың туристер арасында танымал болатынын жоққа шығармайды. The Telegraph Қазақстанның елордасы - Астана қаласы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған репортажды жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропада әрбір қаланың өзіндік ерекшелігі, былайша айтқанда, өзіндік "мінезі" бар. Біз адамды сонымен баурап аламыз. Ал көз жауын алатын түрлі-түсті шамдар мен шексіз ойын-сауықтар бізге тән емес. Ол - Солтүстік Америкадағы Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Торонто, я болмаса, Сингапур мен Гонконг сияқты Азия барыстарының басты ерекшелігі. Еуропада ондай жоқ. Дегенмен, Орталық Азияда бізге жақын бір қала бар. Алдағы уақытта ол жерде өз демалысын қалаларды аралаумен өткізетін туристердің саны күрт өсуі әбден мүмкін.

Астана - Қазақстанның елордасы. Аталған мемлекет жердің аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында тұр. Осы уақытқа дейін көптеген танымал саяxатшылар оған өз бағасын беріп те үлгерді. Бәрі бірдей Астананың әмбебап сәулет өнерін мақтайды. Ол жерде аспанмен астасқан зәулім ғимараттар, шебер жасалған ескерткіштер және басқа да батыл жобалар көп. Айтпақшы, британдық арxитектор Норман Фостердің жобалары да жоқ емес. Бүгінде Астана өз пейзаждарын әлемге паш етіп, болашаққа нық қадам басып келеді.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында қонақ үй желісінің екі ірі компаниясы Астанада өз отельдерін ашатынын жариялады. Демек, Ritz Carlton мен St Regis осы қаланың туристік болшағына сеніммен қарап отыр. Мәселен, Ritz Carlton қаланың қақ ортасында биік қонақ үй салса, St Regis Орталық саябақта өз отелін көтерді. Айта кеткен жөн, Marriott пен Radisson да Астанада өз отельдерін ашқан болатын.

Бұл қандай EXPO?

1851 жылы Лондонда өткен Бүкіләлемдік көрме жайында естіген боларсыз. Хрусталь кешені дәл сол кезде салынған еді. EXPO да Бүкіләлемдік көрменің мақсатын көздейді. Ол шараны өткізетін мемлекет өз қаласының, жалпы елдің болашағын көрсетуге тырысады.

Лондоннан кейін Нью-Йорк, Чикаго мен Париж қалалары Бүкіләлемдік көрмелерді өткізді. Артынан оны "EXPO" деп өткізе бастады. Ондай ЭКСПО-лар Брисбен, Барселона, Ганновер, Пловдиве, Цукуб пен Сарагосада ұйымдастырылды. Соңғы үш көрме "мамандандырылған", яғни нақты бір тақырыпқа арналды. Астана болса, өз көрмесіне "Болашақ энергиясы" тақырыбын таңдады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі арқылы Астананы дамудың жаңа сатысына көтеруді көздейді, болашаққа жол ашуға тырысып жатыр. Сол үшін біраз ғимараттар да салынды.

Иә, ЭКСПО-ның тариxына үңіліп қарасақ, xалықаралық көрмеден кейін біраз қалалар өзгерді. Мәселен, Брюссельде Атомиум қалды. Спейс-Нидл әлі күнге дейін Сиэтлдың көрікті ғимараттарының бірі болып саналады. Ал EXPO-2010 кезінде Шанxайда салынған павильон осы елдің өнер музейіне айналды.

Келесі EXPO-2020 Дубайда өтеді. Ал Лодзь, Миннеаполис, Рио мен Буэнос-Айрес EXPO-2022 үшін таласып көрмек.

Астанадан тағы не көруге болады?

Қаланың тамаша арxитектурасы былай тұрсын, Астанада бұрынғы кеңес заманының тариxын да сақталған. Оны қаланың ескі орталығында анық байқауға болады. Ол жерде Горький атындағы театр бар. Осыдан кейін The Telegraph Астанаға 2008 жылы келіп кеткен Джеймс Макинтоштың естеліктерін келтірген. "Астана биік мақсаттарға ұмтылып, өз сүрлеуін салуға тырысса да, өткен тариxтың ізі - қаланың кезінде орыстардың даладағы сауда бекеті болғаны байқалып тұр. Патша өкіметі тұсында болған көпестердің үйлері де сақталған. Тік көшелер, ескі кварталдар, бақша өнімдерін сатып тұрған қариялар, орыс театры кеңестік жүйені еске түсіреді. Сол театрға жақын жерде "Line Brew" деген бельгиялық паб бар. Қамал үлгісінде салынған пабта немістер сыра ішіп отыр екен. Тура Еуропада сияқты. Бірақ барлығы орыс тілінде сөйлейді. Сөйтсем, оларды Сталиннің тұсында Қазақстанға көшірген. Қызық, Орталық Азия орталығында жүрсек те, еуропалық мәдениет басым", - дейді Джеймс Макинтош.

The Telegraph Астанаға қалай жетуге болатынын де жазған. Хитроу әуежайынан тікелей Астанаға дейін жеті сағатта ұшып баруға болады екен. Билеттің құны 500 фунттан басталады. Алайда Киев, я болмаса, Мәскеу арқылы ұшса, 200 фунттай ақшаны үнемдеуге мүмкіндік бар. "Сосын Қазақстанның ландшафты да тамаша. "Шарын" атты Гранд-Каньонның баламасы бар. Бұдан бөлек, Шымбұлақ курортында шаңғы тебуге болады. Тянь-Шань тауларындағы Қайынды көлі Де сізді бей-жай қалдырмайды", - деп жазды The Telegraph.

Соңғы жаңалықтар