The Ring журналының редакторы Жүкембаевтың жетістіктерін қадағаламақшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың жетістіктерін ерекше бағалап отыр, деп жазады Sports.kz.

«Маған Жүкембаевтың іс-қимылдары қатты ұнайды. Ол өзінің солақайлығына қарамастан мықты боксшы. Монреаль жанкүйерлері жартылай салмақтағы боксшыға көп үміт артады. Мен оның кездесулерін алдағы уақытта жіті қадағалап отыратын боламын»,-деді Фишер өзінің твиттердегі аккаунтында.

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (10-0, 9 КО) Лаваладағы (Канада) бокс кешінде өнер көрсетті. Жартылай салмақтағы 8 раундтық кездесуде ол америкалық Уилберт Лопесті (20-8, 14 КО) жеңді. Осылайша батыр әзірге ешкімнен де жеңіліп көрмеген боксшы ретінде жеңістерін жалғастырып келеді және ол 11 рет қарсыласынан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар