Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 340.11
EUR 407.93
RUB 5.91
CNY 51.61

Террорлық әрекетті жүзеге асырмақ болған 220-дан астам адам жазаланды - Нұрлан Нығматуллин

Террорлық әрекетті жүзеге асырмақ болған 220-дан астам адам жазаланды - Нұрлан Нығматуллин
2017 жылғы 19 мамыр 14:59 874

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері бірқатар экстремистік ұйымдардың заңсыз әрекетін анықтады. Террорлық әрекетті жүзеге асырмақ болған 220-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин көшпелі отырыста айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбеге Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары келіп, көшпелі отырыс өткізгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Жиында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин 5 маусымдағы лаңкестік оқиға бәріне сабақ болғанын жеткізді.

«Бейбітшілікті қорғау, тыныштығымызды сақтау және татулықты күшейту бұл біздің бабаларымыздан келе жатқан қасиетті жол. Ел қауіпсіздігі әрқашанда тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде қауіпсіздікті нығайту үшін көптеген жұмыстар қолға алынды, заң жағынан қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Мәселен, «Терроризмге қарсы іс-қимыл» заңын қабылдап, оған Елбасы қол қойды. Өткен жылы осы мәселеге байланысты заңнамаларға бірқатар өзгертулер енгізілді. Қазақстанда терроризммен күрес жөніндегі арнайы комиссия да құрылды. Үлкен шаралар атқарылып жатыр. Дегенмен өте сақ болуымыз керек. Себебі, бүгінгі күні бүкіл әлемде түрлі қауіпті жағдайлар болып жатыр. Экстермизм және лаңкестік мәселесі ешқандай ұлтқа, дінге қарамайтын өте үлкен қауіп-қатер. Өткен жылы ойламаған жерден террорлық акт тіркелді. Бұл бәрімізге үлкен сабақ болды. Енді ол қайталанбауы үшін барлық қоғамдық ұйым, саяси партиялар, мемлекттік органдар бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Себебі ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз»,- деді Нұрлан Нығматуллин.

Мәжіліс төрағасы өз сөзінде жастармен жұмысты күшейтуді тапсырды. Жиын кезінде құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері өткен жылдан бері әртүрлі террорлық әрекетті жүзеге асырмақ болған 220-дан астам адамды анықтап, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жәнебұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасатыны айтылды.

Басты сөздер: Парламент, Терроризм және экстремизмге қарсы күрес,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер