Терроризмге қарсы күрес Қазақстанда маңызы жөнінен бірінші кезектегі мәселе - Бектас Бекназаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алудың және жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты дөңгелек үстелде осылай мәлім етті.

Парламенттің жоғарғы Палатасы төрағасының орынбасары экстремизмге және терроризмге күрес Қазақстанда да маңызы жөнінен бірінші кезектегі мәселе болып отырғанын атап өтті. «Бұл мәселедегі біздің басты міндетіміз - діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерінің жолын кесу арқылы адамның, мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді ол.

Бектас Бекназаров біздің еліміздің экстремистік идеологиялар мен терроризмге байланысты діндер мен оларға қарсы күштердің арасындағы диалогтың нығаюы үшін күш-жігерді жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Биылғы мамыр айында «Діндер терроризмге қарсы» тақырыбындағы халықаралық конференция болды. Форум Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында айтқан терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларын іске асыру аясында өткізілді. Онда Елбасы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жаһандық желісін құруды ұсынған болатын.

Сенат төрағасының орынбасары халықаралық терроризм мен экстремизм қатерінің кеңеюі заңнамалардың сапасына да жоғары талап қоятынына және терроризмге, оның көріністеріне қарсы күрес жөніндегі қолданыстағы құқықтық жүйені тұрақты түрде жетілдіріп отыруға мәжбүр ететініне дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын аударды.

Ол қазіргі уақытта экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, қару-жарақ айналымы, көші-қон мәселелерін реттеу салаларындағы қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламенттің қарауында жатқаны туралы хабардар етті.

«Бұл саладағы заңнамалық деңгейдегі жұмыстар, ең бастысы діни экстремизм мен терроризмді тазалауға, бұл ретте біздің азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қатаң сақтау арқылы, оларды анықтаудың және жолын кесудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ экстремистік және террористік қызметтің салдарын азайту және жою шараларын күшейтуге бағытталатын болады», - деп атап өтті Б.Бекназаров.

Соңғы жаңалықтар