14:28, 07 Желтоқсан 2017 | GMT +6
Тергеушілер туралы сериал көрерменге жол тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық учаске инспекторларының жұмысы жайындағы сериал таяу уақытта көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жазды
Оның атап өтуінше, 5 желтоқсан күні «Хабар» телеарнасында шынайы оқиғалар негізінде түсірілген Қазақстан тарихындағы ең бірінші детективті сериал «Тергеушілер» көрсетіле бастаған.
«31-каналда» «31 учаске» деп аталатын учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы сериал эфирге шығарылуға дайындалып жатыр. ІІМ-нің телесериалдар түсіру бастамасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан қолдауға ие болды. Дәурен Әскербекұлына ризашылығымызды білдіреміз», - деді Алмас Садубаев.