Тергеушілер компьютерде кезектесіп жұмыс істейді - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында құқық қорғау қызметі мен сот сараптамасын цифрлық жүйеге көшіру жайы қаралды. Осы орайда ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Аxметжанов бірқатар мәселелерді көтерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде қылмыстық істі онлайн режімде жүргізуге болады. Мәселен, бүгінде 250 қылмыстық іс электронды форматта қаралып жатыр. Сотқа 33 іс жіберілді. Осының арқасында шалғай жердегі қылмыстық істерді жүргізу жұмысын Ішкі істер министрі де, Бас прокурор да қадағалай алады. Ондайда фальсификацияға жол берілмейді. Адвокат та, зардап шеккен адам да мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмай, арызын электронды нұсқада бере алады», - дейді М.Аxметжанов.
Оның айтуынша, осы салада бірқатар мәселелер бар. Біріншіден, сигналдың күші әлсіз. Соның салдарынан электронды жүйенің жұмысында ақаулықтар болады. Екіншіден, құрал-жабдықтардың тапшылығы бар. «Өкінішке қарай, сот залдарының барлығы бірдей тиісті теxникамен жабдықталмаған. Сол себепті отырыстарды жаңа форматта өткізу мүмкін болмай отыр. Тергеушілерге кеңсе теxникалары және тағы басқа материалдар жетіспей жатады. Қазір біз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жайында айтып жатырмыз. Алайда пилоттық жобаларды іске асыру барысында маңызды бір мәселе анықталды. Жергілікті жерде тергеушілер мен қылмыстық процестің басқа да қатысушылары компьютерлерде кезектесіп жұмыс істейді. Бұдан бөлек, кейбіреулері кеңсе теxникасын қолдана алмайды», - де атап көрсетті М.Аxметжанов.

Соңғы жаңалықтар