Теракті жасауға даярланғаны үшін сотталған сегіз Балқаш тұрғыны апелляциялық шағым жасады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында теракті жасауға даярланғаны үшін сотталған сегіз Балқаш тұрғыны  Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА тілшісі.

Терроризм үшін сотталғандар өз кінәларын мойындады, бірақ жазаны жеңілдетуді сұрайды.

 «Апелляциялық шағым қабылданды. Қаралатын материалдар жабық режімде өтеді, өйткені бірінші инстанциялы судья бұл қылмыстық істі жария етуге болмайды деп таныды», деп хабарлады Қарағанды облыстық сотынан.

8 сотталушының екеуі ағалы-інілі, тағы екеуі- немере ағайындар. Олардың барлығы аталған қылмыстық іс бойынша Қарағанды облысы  ауданаралық мамандандырылған сотының шешімімен 10 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылған.

Сотталғандардың ең кішісі - 1987 жылы туған.   

Үлкені -  1977 жылғы.

Еске сала кетсек, 2016 жылы 27 маусымда ҰҚК органдарының террористік топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операциясы барысында  лаңкестік жасауға дайындауға күдіктілер тобын қолға түсірген еді.

Олардың біреуі Гүлшат кентінде ұстау сәтінде өзін-өзі жарып жіберген болатын.

ҚР ҰҚК деректеріне қарағанда, радикальды топ  қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды пайдалану арқылы терролық әрекет жасауды жоспарлаған.

Қолға түскендерден жарылғыш құрылғыға қажетті бөлшектер, мылтықтар, өзге де заттар алынды. Олардың бәрі  экстремистік іс-қимылдарды жақтаушы, сондай-ақ халықаралық лаңкестік топтарға тілектес болған.

Соңғы жаңалықтар