Теннистен «Kyzylordа masters» республикалық турнирі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «Kyzylordа masters» республикалық турнирі өтті. 

Жарысқа еліміздің 6 облысынан келген ұлдар мен қыздар сынға түсті.

Нәтижесінде ұлдар арасында астаналық Вячеслав Куфельд турнир жеңімпазы атанса, қызылордалық Бекжігіт Минаж екінші, астаналық Мади Сексембаев үшінші орынды иеленді.

Қыздар арасында қызылордалық Эдельлис Нармағанбет 1-орынды жеңіп алды. Күміс жүлдені Алматы облысының спортшысы Аделина Маманфина алса, қола жүлде қызылордалық Жібек Әмірәлиеваға бұйырды.

Микст ерекшелігі бойынша 1-орынды қызылордалықтар Бекжігіт Минаж бен Айкен Нармағанбет, 2-орынды Вячеслав Куфельд (Астана) пен Жібек Әмірәлиева (Қызылорда), 3-орынды Ерасыл Ықылас (Астана) пен Ақерке Алданазар (Алматы) иеленді.

Соңғы жаңалықтар