Теннисші Михаил Кукушкин «Челленджердің» жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Американың Ирвинг қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Әлемнің 89-шы ракеткасы ширек финалда ATP рейтингінің 112-орнында тұрған АҚШ спортшысы Бьорн Фратанджелоны 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Михаил 1/2 финалда тағы бір америкалық Стив Джонсонмен (АТР рейтингінің 52-орнында) күш сынасады.

Фото: m.kapital.kz

Соңғы жаңалықтар