Теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин америкалық Ирвингте сыйақы құны 150 000 доллар болатын Челленджер бәсекесін жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Финалда жерлесіміз италиялық Маттео Берреттиниге (108) қарсы шыққан болатын. Бірінші сетте Кукушкин қарсыласының доп беруінен екі гейм алып, партияны 6:2 есебімен жеңді.

Екінші сетте Кукушкин 3:6 есебімен жеңіліс тапты.

Үшінші партияда Михаил Кукушкин екі брейк жасап, есепті 6:1-мен аяқтады.

Бұл қарсыластардың алғашқы матчы болатын.

Айта кетейік, Кукушкин 2017 жылы Ирвингтегі турнирдің финалында өнер көрсетіп, онда словениялық Альяж Беденге жол берді. Михаил үшін бұл Челленджер және Фьючерс серияларындағы 15-ші жеңіс болып отыр.

Соңғы жаңалықтар