Теннис: Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші, дүниежүзілік рейтингте 182-ші орында тұрған Зарина Дияс Францияның ашық чемпионаты - Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының финалында әлемнің 116-шы ракеткасы, америкалық Бетани Маттек-Сандспен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

www.myscore.ru сайтындағы тікелей көрсетілімде мәлім болғанындай, Заринадан тоғыз жастай үлкен, 1985 жылғы Б.Маттек-Сандс бірінші партияны 6:4 есебімен ұтты. Тісқаққан ойыншы екінші партияда да басымдылық танытып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ол 28 мамыр күні басталатын Ролан Гарростың негізгі турниріне жолдама алды. 

Соңғы жаңалықтар