Теннис: Зарина Дияс Майами турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ыншы ракеткасы Зарина Дияс Майами (АҚШ) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жүлде қоры 8,6 млн АҚШ долларынан асатын Майами турниріндегі бірінші кездесуінде әлемнің 83-інші ракеткасы, корт иесі Дженнифер Брэйдимен күш сынасты.

Аса тартысты өткен бәсекеде Зарина 7:5, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 54 минутқа созылды.

Екінші айналымда З.Дияс осы жарыста 18-інші ракетка болып тіркелген, қазіргі кезде әлемдік рейтингте 27-інші сатыға түсіп қалған белгілі ресейлік теннисші, кезінде US Open және Ролан Гаррос турнирлерін ұтқан Светлана Кузнецовамен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева қазіргі сәтте румыниялық Моника Никулескумен ойнап жатыр.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстанның бірінші, әлемнің 75-інші ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте өзінен тоғыз саты төмен тұрған румыниялық Мариуш Копилмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, Майами турнирі 1 сәуірде мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар