Теннис: Путинцева Аустралиядағы турнирде «Уимблдон» чемпионын жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 54-орын) Аустралия Ашық чемпионаты - «Үлкен шлем» сериясы турнирі маусымында 1\64 финалының матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Путинцева британдық Хитер Уотсонмен ойын барысында бастапқы сетте тең түсті (1:1). Уотсон 3:4 есебімен қарсыласының доп берісін алса, кейін Юлия оны жеңді. Бірінші сет 7:5 есебімен қазақстандық пайдасына аяқталды.

Британдық екінші айналымда қарсыласының добын қағып алды. Хитер сетте 4:1 нәтижесін көрсетсе, қазақстандық кездесу барысында үзіліс жасап, кейін таблодағы есепті (4:4) теңеді.

Алайда, Путинцева тай-брейкте үздік нәтижеге қол жеткізді 7:6 (8:6).

Осылайша, Юлия Путинцева 2:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Хитер Уотсон аралас разрядта «Уимблдонның» чемпионы.

Еске салайық, Путинцева Australian Open жарысындағы өзінің үздік нәтижесін 2016 жылы көрсеткен болатын.

Юлия турнирдің екінші айналымында 25 жастағы румындық Анна Богданмен (104) күш сынасты. Ол өзінің матчында франциялық Кристина Младеновичті ұтқан еді.

Путинцева АО-2018-дегі жалғыз қазақстандық қатысушы, бүгінгі матчтарда Михаил Кукушкин мен Зарина Дияс жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар