Теннис: Надаль мен Федерер алғаш рет жұптасып ойнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Прагада өткен көрмелік турнирде испандық Рафаэль Надаль мен швейцариялық Роджер Федерер алғаш рет жұптасып ойнады. 

Олардың қарсыластары америкалық Джек Сок  пен Сэм Куэрри болды.

Кездесу 6:4, 1:6, 10:5 есебімен аяқталды.

Еске сала кетсек, Надаль қазіргі уақытта Кәсіби теннисшілер қауымдастығы рейтингінде бірінші орында тұр, ал Федерер - екінші.

Теннисшілер бір-біріне қарсы 37 матч өткізген. 23 рет испандық басым түсті. Ал швейцариялық болса, Үлкен дулыға турнирі титулдарын жеңіп алудан рекордшы (19).  Надаль мұндағы  көрсеткіш бойынша екінші орында (16).

Фото: © REUTERS/David W Cerny

Соңғы жаңалықтар