Теннис: Кукушкин Майами турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 75-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Майами турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ірі халықаралық жарыста М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 84-інші сатыда тұрған румыниялық Мариуш Копилмен кездесті.

Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда румыниялық теннисші 7:2 есебімен басым түсті. Екінші партия да 6:4 есебімен М.Копилдің пайдасына аяқталды. Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды.

М.Копил екінші айналымда ресейлік спортшы, әлемнің 41-інші ракеткасы Карен Хачановпен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы бәсекеде Зарина Дияс ресейлік Светлана Кузнецованы ұтып, үшінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар