Теннис: Қазақстан құрамасы Гонконгтен 3:0 есебімен басым түсті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат -  Қазақстан құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан теннистен  Федерация Кубогы Азия/Мұхит елдері I тобының алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Федерация Кубогы ресми сайтының ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан құрамасы «А» тобының алғашқы белдесуін Гонконгке қарсы өткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жеке ойында еліміздің бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 55-орында тұрған Зарина Дияс, гонконгтік қарсыласы Хо-Чинг Вуды (1123)  6:3, 6:1 есебімен, ал әлемнің 81-ракеткасы Путинцева Кван Яу Нгты (966)  6:1, 6:0 есебімен еш қиындықсыз жеңді.

Соңғы жұптық белдесуде, Дияс/Путинцева жұбы қарсыластары Чонг Э.Вонг/Чжан Лин жұбын 6:1, 6:3 есебімен басым түсіп, Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен Гонгокты жеңді.

Айта кетерлігі, Азия және Океания аймағының І тобы ішіндегі «А» тобында Қазақстан, Гонконг құрамаларынан тыс Қытай және Үндістан командалары бақ сынап жатыр. Алғашқы кездесуде Қытай құрамасы 2:1 есебімен Үндістанды қапы қалдырды.

Қазақстан 8 ақпан күні Үндістанмен, ал 9 ақпан күні Қытай құрамасымен жарыс жолына шығады.


Фото: prosports.kz

Соңғы жаңалықтар