Теннис: Қазақ қызы Қытайдағы турнирдің екінші кезеңіне шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың бірінші кезеңінде отандасымыз жергілікті теннисші Синью Яньды екі сет қорытындысы бойынша 6:1, 6:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті.

Енді  Зарина Дияс екінші айналымда тағы бір қытайлық теннисші Лин Жумен шеберлік байқасатын болады.

Соңғы жаңалықтар