Теңіз кен орнының үстінде алып отты шар неден пайда болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметіндегілер Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кен орны зауыттарының бірінің үстінде алып отты шардың неден пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Теңіз кен орнындағы зауыттардың бірінде қондырғылардың жөнделуіне байланысты таза тауарлық газдың бір бөлігі жағылды. Ол жоспарға сай іске асырылған. Мемлекеттік органдардың барлығына алдын ала хабар беріліп, тиісті рұқсат алынған», - дейді мұнай компаниясының баспасөз қызметіндегілер.

Зауыт үстінде пайда болған алып отты шардың суретін Құлсары - Теңіз күре жолымен бара жатқан куәгерлердің бірі түсіріп алған.
null 

Соңғы жаңалықтар