Теңіз кен орнындағы жаңа зауыттың құны қанша болады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС шикізат өндірумен айналысатын Теңіз кен орнындағы жаңа зауыттың бағасы 36,8 млрд. долларды құрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Үшінші буын зауытының құрылысы сағалық қысым және ТШО-ның болашақтағы дамуы басқармасының жобасы аясында жүзеге асуда. Серіктестер жобаны қаржыландыру туралы соңғы шешімді қабылдады. Оның құны 36,8 млрд. долларға бағалануда. Бұл соманың ішіне күтпеген шығындар мен бағаның біртіндеп көтерілуі кіреді. Нысанның іске қосылуы және алғашқы мұнай өндіру 2022 жылға жоспарланды. Бұл жобаны ТШО-ның өзі қаржыландырып, сыртқы қарыз қаражатын жұмылдырады. Қазақстан Үкіметі жобаны қаржыландыруға қатыспайды», - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, зауыт іске қосылғаннан кейін Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру 12 млн. тоннаға артып, оның көлемі жылына 39 млн. тоннаға дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар