Теңге нығая түсуі ықтимал - ҚР Ұлттық банкі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына қарай теңге бағамы нығая түсуі ықтимал. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейінгі брифингте ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта валюта нарығындағы жағдай толықтай тұрақты.

«Айырбас бағамы тарихи тұрғыда қалыптасқан мұнай бағасы мен сауда серіктес елдердегі валюта бағамын ескере отырып, белгілі бір шекте ауытқуда. Айырбас бағамының айтарлықтай түзетілуі үшін ешқандай да алғышарт көріп отырғанымыз жоқ. Бұған қоса, жылдың соңына қарай экспорттаушылардың салық төлемдерін төлеуі аясында олар тарапынан шетелдік валюта ұсынысы артады. Ал бұл теңгенің нығая түсуіне түрткі болады», - деді Данияр Ақышев.

Соңғы жаңалықтар