Теңге бағамы күшеюі әбден мүмкін - Данияр Ақышев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев валюта айырбастау бекеттеріне көп жүгіре бермеуге кеңес беріп отыр. Себебі алдағы уақытта теңгенің бағамы күшеюі әбден мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы салада пайда көргісі келетін азаматтар мен кәсіпорындарға айтарым, теңге бағамы өзгерген кезде валюта айырбастау бекеттеріне жаппай жүгіріп, одан табыс көрудің қажеті жоқ. Ұтылуыңыз әбден болады. Себебі қазіргі макроэкономикалық жағдай тұрақты. Біздіңше, алдағы уақытта теңгенің бағамы күшеюі әбден мүмкін. Сондықтан дәл қазір валюта сатып алып жатқандар ұтылады», - деді Ақышев журналистерге берген сұxбатында.

Банк басшысының айтуынша, қазіргі жағдай тұрақты және теңге бағамына кері әсерін тигізбеуі тиіс. Себебі мұнай-газдың бағасы көтеріліп келеді. Демек, Қазақстанның одан түсетін табысы да артады.

«Сауда әріптестерімізде де жағдай тұрақты. Ол мемлекеттерде айырбастау бағамы да тұрақты. Сол себепті алаңдауға негіз жоқ», - деп атап көрсетті Ақышев.

Соңғы жаңалықтар