Теңге бағамы күрт өспейді - сарапшылар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сарапшылардың теңге бағамына қатысты сауалнама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шілде айында қауымдастық өкілдері алғаш рет сауалнама ұйымдастырған болатын. 

Қысқа уақыт аралығында мамандар 20 сарапшыдан пікір алып үлгерді.

Ол кезде тек әр бесінші сарапшының болжамы орындалды. Болжамдардың дәлдігі 17,8%.

Қаржыгерлер қауымдастығы бұл зерттеулердің қаржы нарығы қатысушыларының көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беретінін айтты. 

Тамызда жүргізілген сауалнамаға 28 сарапшы қатысқан.

«Біз олардың атын айтпаймыз. Олардың барлығы қаржы ұйымдарының талдау бөлімінің басшылары, банкирлер, брокерлер, сақтандыру компанияларының аналитиктері. Айдың басында Қауымдастық мүшелеріне арнайы хабарлама жіберген болатынбыз. Олардың бәрі бірдей белсенді емес. Қауымдастықта 171 ұйым тіркелген болса, бізбен тек 70-80 адам ғана жұмыс жасайды», - деді қауымдастық өкілі.

Зерттеу жұмыстарына қатысқан сарапшылардың айтуынша, жақын арада теңгенің күрт өзгерісі мен мұнай бағасының күрт жо5арлауы болмайды.

Орташа көрсеткішпен айтқанда, сарапшылар айдың соңында теңге бағамы 333,9 болады деп болжануда. Жыл соңына дейін теңге бағамы 335-339,8 арасында болады.

Қазір мұнайдың 1 баррелі 51 теңге болса, ай соңына қарай 52,5 доллар болады дейді мамандар. Сарапшылардың айтуынша, рубль бағамы да төмендей қоймайды. Қазір 59,8 болса, 60,4 дейін көтерілуі мүмкін. Жыл соңына дейін мұнай бағасы барреліне 53,9 теңге болып қалса, рубль бағамы 62,3-тен аспайды.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жақын арада сауалнама негізінде жасалған зерттеу жұмысының толық нұсқасын жариялайды.

Болашақта қауымдастық сауалнама тақырыбын кеңейтіп, ЖІӨ, инфляциялық күтулер, жұмыссыздық деңгейі салаларын да қоспақ.

Соңғы жаңалықтар