Теңге бағамы едәуір көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 328,05 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда,  доллар бағамы 1,68 теңгеге құлдыраған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 327,55 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 329,1 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 212,6 млн долларды құраған.

Дүйсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 329,73 теңге, күндізгі сессияда 329,63 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 329,67 теңге болған. Сауда көлемі 276 млн долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар