Теміржолшылар су тасқынынан зардап шеккендерге қайрымдылық көмегін жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ қайырымдылық акциясы аясында су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға арнап жиналған азық-түлік, киім-кешектерді өңірлерге жеткізіп беру үшін «Республика - Аймақ-даму» қоғамдық қорына өткізді.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, теміржол компаниясының және еншілес кәсіпорындардың, филиалдардың еңбеккерлері Әлеуметтік жобалар қорының бастамасын бірауыздан қолдап, қарғын су салдарынан зардап шеккен отандастарымызға қол ұшын беруді шекен. 

Қайырымдылық көмегі Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тасқын су салдарынан зардап шеккен отбасыларына жөнелтіледі.
«Аталмыш өңірлерде тасқын су салдарынан көптеген отбасылар үйлерінен көшірілді. Қазіргі кезде оларда тасқын суға қарсы апаттық құтқару жұмыстары жалғасуда. Теміржолшылардың зардап шеккендерге қол ұшын беруі дер сезінде қолға алынған шара»,- дейді қор директоры Ербол Кеңгірбаев.
«Республика -Аймақ-даму» қоғамдық қоры теміржолшылардан түскен азық-түліктер, киім-кешектерді су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғындарға жеткізіп береді.

Соңғы жаңалықтар