Теміртаулықтар уәдеде тұрмаған көршісінің үстінен арыз жазды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаулықтар кіреберіске жөндеу жүргізіп беремін деп уәдесінде тұрмаған көршісінің үстінен арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз кіреберіске жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйғардық. Пәтерін жалға беретін көршілеріміздің бірі өз қызметін ұсынып, нарықтағы бағадан арзанырақ жасап беретінін айтты. Ақшамызды алып, ізім-ғайым жоғалды. Телефон қоңырауына жауап бермеді, жалға беретін пәтеріне де келмеді», - деді Калинин көшесінде орналасқан үй тұрғындары.

Тұрғындар полицияға хабарласып, көршісінің үстінен арыз жазған.

«Тергеу жүріп, сот үкімі шығады деп ойлағанбыз. Тіпті ақшамызды кері алатынымызға да күмәнмен қарадық. Бірақ, полицияға барған күні-ақ, әлгі көршіміз  ақшамызды әкеліп, кешірім сұрады. Полицейлердің оған не айтқанын білмейміз, бірақ көршіміздің өз аяғымен келіп, ақшамызды қайтаруы нағыз жаңажылдық сыйлық болды», - дейді тұрғындар. 

Тұрғындар Теміртау ІІД шығыс полиция бөлімінің қызметкерлеріне - полиция майоры Рахат Рахымовқа, аға лейтенант Жандос Сұлтанға және лейтенант Жан Алпысбайға алғыс айтады.

Соңғы жаңалықтар