Теміртаудағы ЖЭС құрылысы бақылауға алынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаудағы ЖЭС-2 құрылысы қатаң бақылауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тлшісі.

Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов журналистермен кездесуінде осы қызметтегі 100 күн  жұмысының аралық нәтижесін жариялады.

Қыста бірнеше рет істен шыққан жылу электр станциясына қатысты мәселеге өңір басшысы баса назар аударды. «Теміртаудағы ЖЭС-тың жөндеу жұмыстарының мерзімі жіті қадағаланатын болады. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, жұмыс кестесі бекітілді», - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Бұдан өзге, Теміртау прокуратурасы ЖЭС-2 жұмысына қатысты 500-ден астам бұзушылықты анықтады. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына бұзушылықтарды жою туралы прокурорлық ықпал ету актісі берілді.

Соңғы екі жылда ЖЭС-та 260-тан астам апат тіркеліп, орташа жылыту шамамен 11,5 градусқа төмен болды.

null

Соңғы жаңалықтар