20:14, 07 Ақпан 2018 | GMT +6
Теміртаудағы ЖЭО-да өрт шықты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаудағы ЖЭО ғимараттарының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қалалық ТЖБ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 отын-көлік цехының вагон-аударғыш ғимаратында көмір мен оны таситын көлік лентасы жанып кеткенін растады.
«Оқиға орнына «Өрт сөндіруші» АҚ-ның Қарағандыдағы бөлімшесінің бірінші жасағына тиесілі 8 автоцистерна мен 1 автосаты пен ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің төртінші жасағы жетті», - деп хабарлады Теміртау қалалық ТЖБ басшысы Арман Алпысбаев.
Қауіптілігі ең жоғары деңгейде белгіленген өрт сөндірілді.
«Өртті сөндіруге қою түтін мен ғимараттың құрылымдық ерекшелігі кедергі келтірді. 12:47-де өрт сөндірілді. Оқыс оқиға өндірістік процеске кедергі келтірмеді», - деп түсіндірді Арман Алпысбаев.