Теміртаудағы той кортежі желіні шулатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртауда той кортежі жол ережесін өрескел бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол қозғалысы тәртіптерін бұзып, апатты жағдайлар тудырған той көліктерін Валерий Пышков есімді азамат видеорегистратордың камерасына жазып алған. Ол машина кортежының жылан секілді «билеп», бір жолақтан келесі жолаққа ауысып келе жатқанын түсірген.  

Кортеж тек қиылыстағы бағдаршамда жылдамдықты азайтып, соның арқасында басқа көлік иелері кортежды артта қалдырған.

Бұл оқиғаның куәгерлері болған көлік жүргізушілері тойдың үш автомобиль жүргізушілері ұсталып, апаттық жағдай тудырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады деп үміттенеді.

Айта кетейік, той кортеждері Қазақстан бойынша видеороликтердің жағымсыз кейіпкерлеріне айналып үлгерді. 

Соңғы жаңалықтар