Теміртаудағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде мүгедек әже мен балалар құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін түсте Теміртауда үш бөлмелі пәтер, сондай-ақ, бес балкон өртеніп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өрт сөндірушілер мүгедек әже мен 21 адамды құтқарды. Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 12:20-да 7-інші шағынаудандағы №43 үйде болған.

«Тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан ауданы 60 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі пәтер тұтастай отқа оранды. Бесінші қабаттың балконынан шыққан өрт алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы қабат балкондарына ұласты. Осылайша бес балкон да өртеніп кетті», - деді Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің басшысы Қуаныш Мүталаппов. Өрт сөндірушілер жарымжан әже мен үш баланы қосқанда, 22 адамды құтқарып қалды. Бұған қоса, өзге кіреберістердегі 41 адам қауіпсіз аумақтарға көшірілді. Өртеніп кеткен бес балконның ауданы - 21 шаршы метр. Сағат 13:23-те тілсіз өрт толықтай сөндірілді. Өртті ауыздықтауға жеке құрамның 28 адамы мен 8 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар