Теміртаудағы асхана дауы: Кәсіпкер тексерушілерді сотқа берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаудағы ішек таяқшалары бактериясы табылған лицей асханасының иесі тексеруші мекеме қызметкерлерін сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, Теміртаудағы классикалық лицей асханасын тексеру кезінде одан ішек таяқшаларының бактериялары табылды. Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасы мамандарының жоспардан тыс тексеруінің нәтижесінде, асханада қолданылатын ыдыс-аяқтардан, жиһаздардан, аспаздардың арнайы жұмыс киімдерінен бактериялар анықталған болатын . 

Алайда бұл жағдаймен асхана иесі, жеке кәсіпкер Зәмзагүл Сәттібаева келіспейді. Ол тексерушілердің үстінен сотқа арыз түсірді.

«Мемлекеттік стандарттарға сәйкес,  микробиологиялық зерттеулерді жасау мақсатында сынамаларды алатын материалар мен жабдықтардың тізімі бар.  Мамандарда алған сынамаларды салатын арнайы термос немесе изотермикалық қорапшалар болуы тиіс. Асханадан алынған барлық сынамалар кәдімгі қасық пен банкіге салынды. Олар керек десеңіз целлофан пакеттерін біздің қызметкерлерден сұрап алды», - дейді кәсіпкер.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Зәмзагүл Сәттібаевадан арыз түскенін растады. Кәсіпкер өз арызында 3 қарашадағы санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу актісін заңсыз деп тануды талап еткен.

Соңғы жаңалықтар