Теміртауда зираттарды тонауға қатысты іс тергелуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында полиция зираттардың темір қоршауын ұрлағандарды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теміртау ІІБ-нің ескі қаладағы полиция бөліміне зираттарды тонауға қатысты 13 арыз-шағым келіп түскен.Соңғы оқиға жақында болды. Іс ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу  тізілімінде тіркелді. Қылмысты ашу үшін арнайлы тергеу тобы құрылып, жедел шара қолға алынды», -дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Полицейлердің айтуынша, тұрғындар кеш келіп шағымданады екен. «Адамдар марқұм туыстарының бейітіне жиі бара бермейді. Сондықтан ұрлықтың қашан жасалғанын анықтау қиынға соғады. Кешігу айғақтарды жинауға кедергі келтіреді», - дейді осы істі қолға алған полиция бөліміндегілер.

Жақында Теміртауда қаскүнемдер 20 бейіттің темір қоршауын бұзып алып кеткені мәлім болды. Болжам бойынша қылмыстық топ әрекет еткен. Зират тиесілі рәсімдік агенттік ұрының бірін қолға түсірген. Ұрланған қоршаулар қазір қоймада тұр. Марқұмдардың туыстары осы қоршауларды танып алуы тиіс.

Қоршаулар металл қабылдайтын орындарға өткізіледі деген нұсқа бар.

«Сондықтан айыптыларды қатаң жазалау керек. Өйткені қабьылдау орындарында қоршаудың қайдан екені анық көрініп тұр емес пе», - дейд зібір шегушілердің бірі.

Соңғы жаңалықтар