Теміртауда жолдарды жөндеуге 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртауда жол жөндеу мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. 2018-ші жылы бұл мақсаттарға бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ол жайлы шаһар әкімі Ғалым Әшімов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты. 

«Барлықтарыңыз білесіздер, біздің қаладағы автожолдардың жағдайына қатысты көп сын айтылған болатын. Өткен жылы бұл мәселені шешу нақты қолға алынды. Автожолдарды жөндеу және қалыпта ұстауға қажетті шығындар 2 миллиард 165 миллион теңгені құрады. Шамамен 50 шақырым жол жөндеуден өтті», - деді Ғалым Әшімов. -2018-ші жылы ол жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Бұл мақсаттарға 2 млрд 83 млн теңге бөлінді. 

Биылғы жылы Теміртауда 10 көшенің жолдары жөнделеді - жалпы есептегенде 18,5 шақырым. 23 орам аралық автожолдарды қалыпқа келтіру жоспарланып отыр». 

Соңғы жаңалықтар