Теміртауда жоғалып кеткен ер адамның өртелген мүрдесі табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында екі айға жуық із-түссіз кеткен 42 жастағы Сергей Афониннің мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ер адамның өртелген мүрдесі қаладан алыста даладан табылды.

«Аталған оқиға бойынша іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігі бойынша (Адамды ұрлаумен ұштасқан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру салдарынан болған кісі өлімі) тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, өлімнің себебін анықтау үшін қосымша кешенді сараптама тағайындалған.

Сонымен қатар марқұмның туыстары оның мәйітін жерлеуге ұзақ уақыт берілмей жүргенін айтып шағымдануда. Мүрде 10 қыркүйекте табылғанымен, созылып кеткен сот-медициналық сараптама кесірінен ол туыстарына берілмеген.

42 жастағаы С.Афонин Теміртауда 22 шілдеде жоғалып кеткен. Іздестіру кезінде оның үйден шығып таксиге отырғаннан кейін ешкімнің көрмегені айтылған.

Соңғы жаңалықтар