Теміртауда үш бірдей жол апатын жасаған полицей жұмыстан кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Елдің ішкі істер министрінің өзі пікір білдіріп,  полиция қызметкерінің қатысуымен жасалған атышулы жол апатына қатысты Теміртау әкімшілік соты шешім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сот анықтағандай, жол-көлігі оқиғасы 14 қазан күні Теміртауда болған. Қарағанды ІІБ-ының оңтүстік шығыс полиция бөлімшесінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы 777 мемлекеттік нөмірлі жол талғамайтын Toyota Land Cruiser Prado көлігімен Менделеев көшесінен Теміртау көшесі бағытына қарай қозғалып келе жатып, Чернышевский көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсінен өту арқылы  жол жүру  ережесін бұзған.

Нәтижесінде  «Audi 80 В4» көлігімен соғылып, ол өтіп бара жатқан  «Matra J63» минивэнін қақты. «Audi 80 В4»-тің жолаушылар креслосында отырған мүгедектік топқа жататын көпбалалы ана Дария Каменова бас-сүйек жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлігі апаты тергеуінің әділ өтетініне күмәнданған «Audi 80 В4» жүргізушісі Александр Павлов электронды үкімет порталы арқылы ішкі істер министріне хат жолдаған.

Ішкі істер министрі полиция қызметкерінің жұмысынан босатылып, заңның барлық қатаң талаптарына сай жауапқа тартылғанын мәлім етті.

Аталған дерекке орай Қарағанды облысы ІІД жеке қауіпсіздік басқармасы жүргізген қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша қызметтік тәртіп пен жол жүру ережесін бұзғаны үшін ІІД басшысының бұйрығымен аталған тұлға қызметінен босатылды. Осы бұйрықпен басқа қызметкерлерге және  олардың басшыларына қатысты тәртіптік жауапкершіліктің қатаң шаралары қабылданды. Бұдан өзге, ҚР ҚК-інің 806-бабында көзделген «Әкімшілік құқық бұзушылық» бойынша әкімшілік материал жиналып, тиісті шешім қабылданады», - делінген министр мәлімдемесінде.  

Соңғы жаңалықтар