Теміртауда спорт клубының жабылуынан адамдар жаппай жұмыстан шығарылмақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Аукциондық  сауда-саттықтың сәтсіз өтуіне байланысты «Теміртау» спорт клубы» мемлекеттік мекемесіне қарасты спорт сарайы, мұз айдыны, «Жастар» бассейнінің ғимараты мен «Металлург» стадионы жабылатын болады. Салдарынан 270 қызметкер  жұмыссыз қалмақ, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

27 спорт түрі бойынша 57 бапкерді қоса алғанда, барлығы 270 қызметкер мен қызмет көрсетуші персонал  жұмыстан босатылатыны туралы ескерту хатын алды,  «Теміртау» спорт клубының» директоры Нұрлан Таурабаев пен мекеме ұжымы тығырықтан шығар жол таппай дал болуда.

Спорт клубы аумағында спорт сарайы, «Жастар» бассейні, «Металлург» стадионы, мұз айдыны, гараж орналасқан. Мекемелерді тарату олардың жұмысы толық тоқтайтынын білдіреді. Спорт клубын күтіп ұстауға мемлекет енді ақша бөлмейді.

Спорт клубы «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары» аясында саудаға үш рет шығарылған. Оларға сұраныс болмады. Бағалау комиссиясы клубтың құнын 1 миллиард 192 миллион теңгеге бағалады. Нысанның жалпы жағдайы «жақсы» деп бағаланған: спорт сарайы - қанағаттанарлық күйде, жүзу бассейні - жақсы, стадион - қанағаттанарлық, мұз сарайы - жақсы және гараж қанағаттанарлық жағдайда.

Соңғы жаңалықтар