Теміртауда машинист көмекшісін вагон басып қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 аумағындағы цехтардың бірінде машинист көмекшісі аударғыш вагон астында жаншылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірдегі еңбек департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаның мән-жайы комиссия жұмысының барысында тексеріледі.

«Цехта болған оқиғаның мән-жайын еңбек инспекторлары және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ лауазымды тұлғаларынан құралған комиссия анықтайтын болады», - деп хабарлады еңбек департаменті.

ЖЭЦ отын-көліктік цехында болған төтенше жағдайдың жүк түсіру барысында орын алғаны белгілі. Аударғыш вагонды 57 жастағы машинист басқарған. 

Соңғы жаңалықтар