Теміртауда құрбанының денесін бөлшектеп тастаған қанішер 11 жылға сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жантүршігерлік кісі өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сотталушы қатаң режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі.

Наурызда Теміртауда жүргіншілер үйлердің бірінің маңынан кесілген қолды тауып алады. Бір ай бұрын пәтерлердің бірінде мастықпен болған жанжал барысында жантүршігерлік кісі өлімі орын алғаны анықталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам жанжал барысында танысын балтамен ұрған. Танысы  есінен танып қалған. Содан кейін қанішер құрбанының тамағын кесіп жіберген. Сосын денесін бөлшектеп кесіп, орап, балконға тығып тастаған. Бір ай ішінде бөлшектенген дене мүшелерін пакетке салып, қоқыс жәшігіне тастап отырған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Апелляциялық сатыда шағымдануға жатады.

Соңғы жаңалықтар