Теміртауда есірткі дилерлері 200 келі марихуанамен қолға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері 200 келі марихуана сатпақ болған есірткі дилері тобын әшкереленді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Теміртау қаласындағы гараждардың бірінде аса ірі көлемде есірткі затын сақтап отырған белгісіз азамат туралы жедел ақпарат келіп түседі.

Сәуірдің 26 жұлдызында жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 29 және 45 жастағы Теміртау қаласының екі тұрғынын құрықтады. 29 жастағы күдіктіге тиесілі гаражды тінту кезінде жалпы салмағы 160 келіні құрайтын 13 қап «марихуана» тәркіленді. Сондай-ақ, 45 жастағы екінші күдіктінің пәтерінен 40 келіге жуық марихуана табылды.

Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар