Теміртауда бір отбасының үш бірдей мүшесі саңырауқұлақтан уланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау тұрғыны мен оның екі қызы саңырауқұлаққа уланып, салдарынан бір қызы  жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Теміртау орталық ауруханасының қабылдау бөлімінен хабарлағандай, қазір тоғыз жастағы қыздың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. «Жағдай бақылауда, баланың денсаулығы қалыпты»,-деп түсіндірді қалалық орталық аурухананың қабылдау бөлімінен.

Қыздың жансақтау бөліміне түсуіне қала маңынан жиналған сақырауқұлақтар себеп болып отыр.
Қыздың анасы мен 14 жастағы әпкесі аздап уланған, деп қосты кезекші дәрігер. 

Соңғы жаңалықтар