Теміртауда баланы ұрлаған әйел күтуші болып екі-ақ күн жұмыс істеген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда екі жасар қызды ұрлаған әйел күтуші болып небәрі екі күн жұмыс істеген, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұрланған баланың анасы Екатеринаның айтуынша, күтуші қызын алып кеткен пәтерде жазба қалдырған. Әйел қызды мамырда қайтаратынын, ол үшін алаңдамауын, оған жақсы қарайтынын жазып кеткен.

 «Күтушіні көптен бері танимын. «Таңшолпан» балалар үйінде бірге өстік. Оның тұратын жері жоқ екенін естігенде, күтуші ретінде қабылдауға келістім. Маған қызымды күтуге көмектессін деп ойлағанмын», - деді Екатерина.
null 

Астанада бүгін таңертең ұсталған күтуші анасынан кешірім сұрады. Бірақ әйел өтінішін кері қайтармады.

Еске салсақ, 26 наурызда кешке полицияға 22 жастағы Теміртау тұрғыны күтуші екі жасар қызды ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Жедел іздеу шаралары барысында бүгін ерте таңертең Қарағанды облысы ІІД қызметкерлері күдіктіні Астанадан ұстады.

ҚР ҚК 125-бабы 2- бөлігі «Адам ұрлау» бойынша тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар