Теміртауда ауаның құрамында көміртек пен күкіртті сутектің жоғары екені анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда ауаның құрамында көміртек пен күкіртті сутектің жоғары екені анықталды. Кеншілер қаласындағы ауаға жүргізілген зертханалық зерттеудің қорытындысы осындай, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қорытынды әр кезде әртүрлі. Таңертең  ауаның көрсеткіші басқаша болса, кешке тіпті өзгеше. Нақты қорытынды бірнеше күннен кейін дайын болады, себебі қазір экологтар мен метеорологтар ауаны тексеріп жатыр. 9 ингредиент - азот диоксиді, азот оксиді, аммиак, күкірт диоксиды, шаң, қалқымалы заттар, күкірт сутегі, формальдегид, көміртек және азот оксиді бойынша Теміртаудың бес ауданын зерттеу үшін ауа алынып жатыр», - деп хабарлады Теміртау әкімінің баспасөз хатшысы Ольга Горячева.

Экологтар мен метеорологтар Теміртаудың бес ауданындағы - 68 орамда, 9-ыншы шағынауданда, 7-інші шағынауданда, 8-інші шағынауданда және ескі қалада ауаның жағдайын зерттеуде.

Соның ішінде, 68 орамда күкірт сутегінің 0,010%-ға (мөлшері 0,008% болуы тиіс) артқаны анықталды. Сондай-ақ, 9-ыншы шағынауданда күкірт сутегінің 0,009-ға, ал көміртек оксидінің 5,2%-ға (мөлшері 5,0%) жоғарылағаны белгілі болды.

7-інші шағынауданда күкірт сутегінің мөлшері артып, 0,010-ге (мөлшері 0,008% болуы тиіс) және көміртек оксидінің 10,2%-ға (мөлшері 5,0% болуы тиіс) жеткені анықталды.

8-інші шағынауданда күкірт сутегі мөлшері 0,012-ге, ал көміртек оксиді 12,2%-ға өскені белгілі болды.

Ескі қалада күкірт сутегі 0,015, көміртек оксиді 6,6%-ға артқан.

Еске салайық, Теміртауда қара түсті қар жамылғысының түсу себебін анықтау үшін жұмыс тобы құрылған болатын. Әкім экологтарды күн сайынғы режиммен жұмыс істеуге шақырып, бірнеше күнннен кейін нақты ұсыныстар мен осы мәселенің шешу жолдарын ұсынуды тапсырған еді.   

Соңғы жаңалықтар