Теміртауда Анонимус бетпердесін киген қарақшылар ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция Теміртаудағы үш азық-түлік дүкенін Анонимустың бетпердесімен келіп тонаған қарақшыларды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың сөзіне қарағанда, департаменттің қарақшылық шабуылдарды ашу жөніндегі арнаулы тобы төрт жігітті құрықтаған.

«Екі күдікті 19 жаста, қалған екеуінің жасы 21-де. Дүкендерден алынған ақша мен қылмыс қарулары тәркіленді», - дейді Бақытжан Құдияров. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы («Қарақшылық»), 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Күдіктілердің осы сияқты басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде», - дейді Б. Құдияров.

Еске сала кетсек, қарулы қарақшылар дүкендерге баса-көктеп кіріп, сатушылардан ақша талап еткен. Үш оқиға да бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Соңғы жаңалықтар