Теміртауда 90 жастағы ерлі-зайыптылар «темір» тойларын атап өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы Неке қию сарайында «темір» тойы тіркелді. Ерлі-зайыптылар Николай Семенович пен Мария Федоровна Куриленко бірге 65 жыл өмір сүрді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Машаға көп жігіттер көз салды, бірақ ол мені таңдады. Оның жүрегін бірден жаулап алдым. Танысқан соң, бір аптадан кейін үйленеміз деп шештік, - деп еске алды ҰОС ардагері Николай Куриленко. - Маша менің ханшайымым. Онымен кездесіп, өмір соңына дейін бірге өмір сүргеніміз үшін тағдырға ризамын».

Оның айтуынша, отбасылық бақыттың ерекше құпиясы жоқ. «Бір-біріңді сыйлап, түсініп, сабырлы бола білу қажет. Өмір бойы еңбек еттік, қазір де бір орында отырмаймыз, әзірге денсаулығымыз бар, - деп атап өтті отағасы. - Әрине, отбасы - өмірдің мәні. Әр атқан таңға бірге қуанамыз. Осы уақытқа дейін бірге өмір сүріп, бұл тойымызды туыстарымыздың, бала, немере, шөберелердің алдында қарсы алып отырғанымызға ризамыз».

null  

Олардың өмір жолы оңай болған жоқ. Николай Семенович 36 дивизионда гвардиялық жауынгерлік бөлім құрамында айқасты. Күллі Еуропаны жүріп өтті, Ленинград, Балтық теңізін қорғады.

Ерлігі үшін медаль алды. Мария Федоровна ҰОС кезеңінде тылда еңбек етті. Олардың бес баласы, 10 немересі, 6 шөбересі бар. Теміртауда ардагерлер арасында Куриленко отбасы 2016 жылғы үздік отбасы аталды. 90 жастағы күйеу мен қалыңдық неке сарайында жүзік алмасып, вальс биледі. Мерейтой иелері құрмет кітабына қолтаңба қалдырды. Николай Семенович жұбайына 65 раушан гүлін сыйлады.

null  

Соңғы жаңалықтар