Теміртау соты бала ұрлаған күтуші әйелді қамауға алуды санкциялады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Теміртау қалалық соты 29 наурыз күні сағат 22.30-да бала ұрлады деп күдік тағылған күтуші әйелді «қамауға алу» бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сот тергеушінің қолдаухатын қанағаттандырып, күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп хабарлады Теміртау қалалық соты баспасөз қызметінің басшысы Мадияр Әбенов.

Полицияның Шығыс бөлімшесінде жауап алу кезінде күтуші әйел екі жасар баланың анасынан кешірім сұраған болатын. Бірақ әйел оны кешіруден бас тартты.


22 жастағы әйел қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АК 159/1 тергеу абақтысына қамалды. Оған қатысты 125-бап («Адам ұрлау») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Еске салайық, 26 наурыз күні кешкісін полицияға 22 жастағы Теміртау тұрғыны келіп, оның екі жасар баласын күтуші әйел ұрлап кеткендігін хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 27 наурыз күні таңертең Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, Астанада тұтқындады .

Ұрланған баланың анасы Екатеринаның айтуынша, күтуші пәтерде жазба қалдырған . Әйел қызды мамырда қайтаратынын, ол үшін алаңдамауын, оған жақсы қарайтынын жазып кеткен.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар