Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 332.80
EUR 390.57
RUB 5.60
CNY 49.88

Теміртау қаласының тұрғыны ойын алаңында кішкентай қызға қол жұмсады

  Теміртау қаласының тұрғыны ойын алаңында кішкентай қызға қол жұмсады
2017 жылғы 8 тамыз 20:32 454

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Теміртауда балалар ауласындағы әйелдің кішкентай қыздың бетінен ұруына байланысты істің мән-жайын тексеріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиғаны ауладағы жасөспірімдердің бірі видеоға түсіріп, қыздың ата-анасына көрсеткен. Видеодан әйелдің алтыбақанда отырған кішкентай қызға келіп, бетінен және басынан үш рет шапалақпен жеңіл ұрғандығын көруге болады. Әйел баланы алтыбақанды қатты тербеткені үшін жазалаған. Соққыдан бетін жасырған қыз: «Маған тиіспеңіз», «Не істеп тұрсыз?» деп жауап қайтарған.

Видеоны әлеуметтік желіге жариялаған қыздың анасы: «Видеодағы жас әйел менің қызымды «тәрбиелейді». Оған қызымның әткеншекті қатты тербеткені ұнамаған. Алаңда балаға қол жұмсау бірінше рет болып тұрған жоқ» деп жазған.

Оқиғаға құқық қорғау органдары араласты. Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, полицияға қыздың ата-анасынан шағым түскен.

«Теміртау қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Жарияланған видео және әйелді жауапқа тарту туралы баланың ата-анасынан келіп түскен шағымға байланысты кішкентай қыз сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді Бақытжан Құдияров.

Басты сөздер: Оқиға, Заң, Қарағанды облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер