Темекі тартқан қостанайлық үйін өртеп алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, алдымен пәтер ішіндегі төсек жабдықтары өртенген.

«Құтқарушылардың көмегімен 35 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде бес бала бар. Алайда бір адам иісті газдан уланып, облыстық ауруханаға түсті. Алдын ала болжам бойынша, ол төсекте жатып темекі тартқан. Салдарынан темекі тұқылы төсек жабдықтарына түсіп, тұтаған», - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД ақпараты бойынша, тағы бір өрт Қостанай ауданының Затобол кентіндегі 6 пәтерлі тұрғынүйден шыққан. Өрт кезінде екі адам зардап шеккен. Олар «ыстан улану» диагнозы бойынша жергілікті ауруханада ем алып жатыр. Мамандар өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан деп болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар