Темекі шеккен әйелдің кесірінен ұшақ қонуға мәжбүр болды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ресейде Махачкаладан Мәскеуге бағыт алған «Победа» әуекомпаниясының борты темекі шеккен әйелдің кесірінен Волгоградқа қонуға мәжбүр болды.

Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, Волгоградқа  мәжбүрлі түрде қонудан ұшақ шамамен 40 минут жоғалтқан. "Победаның" шығынын заң бұзған жаннан өндіріп алу жоспарланып отыр.

Өз кезегінде волгоградтық әуежайдың баспасөз хатшысы Ярослав Зимин, 183 жолаушы мінген ұшақ Мәскеу уақыты бойынша 19 сағат 4 минутта шұғыл қонғандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар