Технологиялық даму жөніндегі агенттіктің екі бюросы жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі еншілес компанияларды бәсекеге қабілетті ортаға шығару бойынша жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында минералдық шикізатты өңдеудің жаңа технологиясы сынақтан өтпек.

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес бәскелестік ортаға төмендегі еншілес ұйымдар жіберілмек. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Технопарк «Сары-Арқа» ЖШС, «Технопарк «Алгоритм» ЖШС, «Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС, «Тау-кен металлургия конструкторлық бюросы» ЖШС, «Шығыс Қазақстан аймақтық Алтай технопаркі» ЖШС, «Транспорттық машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС, «Мұнай-газ құрылғылары конструкторлық бюросы» ЖШС.

Екі активті «Транспорттық машина жасау конструкторлық бюросы» ЖШС және «Мұнайгаз құрылғылары конструкторлық бюросы» ЖШС жою туралы шешім қабылданды.

4 актив бойынша іске асыру жұмыстарын  өзгерту тәсілдері қаралып жатыр, олар: АҚ, «Технопарк «Сары-Арқа» ЖШС, «Технопарк «Алгоритм» ЖШС, «Тау-кен металлургия конструкторлық бюросы» ЖШС және «Шығыс Қазақстан аймақтық Алтай технопаркі» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар